Отзывы и предложения
2018 жыл 18-19 мамырда № 56 Қызылорда-Көкшетау поезының 4 вагонында Бурабай-Курорт стациясына дейін жол жүрдік. Вагонда кішкентай балалы жолаушылар да болды. Тек өзімнің ғана емес, вагондағы барлық жолаушылардың атынан жолсерік Досжанов Ғабит Есенұлыға (поезд басшысы Тастаев Бахытжан) жолаушыларға кәсіби көрсеткен қызметі, ауа-райы салқын болса да вагонды жылы ұстаған - кішкентай балаларға жасаған жағдайы, вагонның тазалығы, сыпайылығы үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай жолсеріктер көпшіліктің алдында тиісті дәрежеде марапатталса, басқа жолсеріктер де жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырады деп үміттенеміз. 4 вагон жолаушылары атынан ...
10 қазан 2018 жылы түнгі 23:32:00 "Номадас" компаниясына тиесілі Көкшетау-Қызылорда бағытына жүрдек поезына міндім. 15 вагон,плацкарт тазалығы өте жақсы.Вагон жаңа типте жабдықталған.Екі әжетхана вагонның бір бағытында орналасқан,әрі кең .Жолсеріктер жолаушылармен мәдениетті қарым-қатынаста,қызметтері жоғары ,вагоннан жолаушылар мініп-түскенде өте мұхият ,жәрдемдеседі.Терезелері жақсы жабдықталған,ішке жел соқпайды. Ал Қызылорда - Петропавль поездарында терезелерінен жел улеп, басыңызды аяқ жаққа беріп ,қорғанып жатасыз.Әжетханасы тар екі жақтан зәрдің исі келіп ,денеңе сіңеді.Ескі вагондар екені түсінікті. " Номадас " компаниясына алғысым шексіз,қазіргі заман талабына сай жарақты ,жақсы типтегі вагондармен бізге,Қазақстан халқына мүлтіксіз қызмет ете беріңіздер. Астана тұрғыны,Н Тлендиев 15/1,79 пәтер жолаушы Алтынсары Турмагамбетов
Добрый день уважаемое руководство ТОО "Nomadas"! Ехал на поезде №55 сообщением Кокшетау-Кызыорда вагон №9, 18 место с Нур-Султанна в город Шымкент 24.08.19. Вагон приятно удивил своей чистотой и удобствами. В вагон все было аккуратно убрано, в туалете чисто присутствует все необходимое мыло, туалетной бумага. Особое благодарность за уважительное и внимательное отношение к пассажирам бригадиру поезда Нуртазаеву Бахыт и проводникам Сеталиеву Кайрат и Нуралиеву Асылбек. По больше бы таких работников.