News

Ақмола облысында шектеу шараларын енгізуге байланысты «Қызыл-Орда - Көкшетау» 55/56 жолаушылар пойызының маршрутын және жүру жиілігін уақытша өзгерту

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсаттарында қабылданатын шаралар

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне, сонымен қатар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында «COVID-19» коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсаттарында:

1)          Ағымдағы жылғы 10 қарашадан бастап №55/56 «Қызылорда-Көкшетау»  жолаушылар пойызының апта күндері жүруінің кезеңділігі уақытша өзгертіледі:

- Қызылорда станциясынан а.ж. 10 қарашасынан бастап сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады, Көкшету станциясына бейсенбі, сенбі, дүйсенбі күндері келеді (Көкшетау станциясына дейін аптасына 3 рет);

- Қызылорда станциясынан дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері шығады, Нұр-Сұлтан-1 станциясына сәрсенбі, жұма, жексенбі, сейсенбі күндері келеді (Нұр-Сұлтан-1 станциясына дейін аптасына 4 рет).

 

2) Ақмола облысының Шортанды станциясында билеттер сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады.

 

Нұр-Сұлтан станциясынан Көкшетау станциясы бағытында жүретін пойызға жол құжаттарын (билеттерді) алынып тасталған апта күндеріне бұған дейін рәсімдеп қойған жолаушылар жол құжаттарын (билеттерді) қайтаруларына болады

Билеттерді қайтару Жолаушыларды тасымалдау қағидаларымен қарастырылған мерзімдерде, пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелген мезеттен бастап 1 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі. Төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойызының жүру тәртібі жөніндегі барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша алуға болады

«Nomadas» тасымалдаушысы жолаушылардан қабылданатын шараларға түсіністікпен қарауды және корнавирус инфекциясының таралуы кезеңінде саниарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

 

10 қараша 2020ж.  Нұр-Сұлтан қ.

 «Nomadas» ЖШС баспасөз қызметі